Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға арналған байқау

Байқау
10.07.2024 · 09:00
Бөлісу
Байқаудың өткізілу уақыты: 10.07.2024 - 15.04.2025
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған сыйлық тағайындау жөніндегі республикалық байқауға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығы жетістіктері үшін түрлі номинация бойынша дарынды қазақстандықтарды қолдау және көтермелеу мақсатында тағайындалады:
• мәдениет және өнер саласында – қоғамда кең танылған және республиканың мәдени өміріне елеулі үлес қосқан жаңа әрі бірегей туындылар, бағдарламалар, мәдениет және өнер саласындағы жобалар үшін.
• жаратылыстану ғылымдары саласында – жаңалықтар, өнертабыстар үшін, әзірленген және сыналған жаңа технологиялары, үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар бірыңғай тақырып бойынша ғылыми жұмыстар сериясы үшін
• гуманитарлық ғылымдар саласында – үлкен практикалық маңызы бар, зерттеулер жаңалығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін жұмыстар үшін.
Байқауда Қазақстан Республикасының 40 жастан аспаған азаматтары сыйлыққа үміткер бола алады.
Ережелер, сыйлық беру тәртібі мен өтінім нысаны туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша кіріп көруге болады.
• ҚР жас мәдениет және өнер қайраткерлері үшін
Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табысталады.
Байқауға қатысу бойынша кеңесті келесі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:
• «Ғылым және техника» бағыты– 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).
• «Өнер және мәдениет» бағыты– 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы).
Құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050043, Бостандық ауданы, Мұсабаев к-сі, 12
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 сәуір.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
атқарушы директорының бұйрығына
№2 қосымша «___»___________ №_____
2024 жыл
Ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулері мен жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
- Бұл ереже ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер мен жетістігі үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының (бұдан әрі – Қор) сыйлығын берудің тәртібін айқындайды.
- Сыйлық берудегі мақсат ғылым мен техника саласындағы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесін қолдау және мойындау.
- Сыйлық үздік зерттеулер мен маңызды жетістіктер үшін конкурстық негізде беріледі:
1) жаратылыстану ғылымдары саласында – жаңалық, өнертабыс, әзірленген және сыналған жаңа технологиялар, үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар бірыңғай тақырып бойынша ғылыми жұмыстар сериясы үшін;
2) гуманитарлық ғылымдар саласында – үлкен практикалық маңызы бар, зерттеулер жаңалығымен және өзектілігімен ерекшеленетін, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін жұмыстар үшін.
2. Ғылым және техника саласындағы үздік зерттеулер мен жетістіктерге байқау өткізудің жалпы тәртібі
- Ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер мен жетістіктерге арналған байқау мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:
(01) Физика, математика, инженерлік ғылымдар;
(02) Экология, жер туралы ғылым, ауыл шаруашылығы ғылымдары;
(03) Химия, технология, техникалық ғылымдар;
(04) Медицина және биология;
(05) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.
- Байқауға ұсынылатын ғылыми жұмыстар:
1) байқауға 40 жастан аспаған, Қазақстан азаматы болып табылатын ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты не ғылым докторы, не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) ғылыми қызметкерлер қатыса алады;
2) байқауға дейін соңғы бес жыл ішінде жарияланған және ғылыми ортада кеңінен танылуына және Қазақстан Республикасының ғылыми және оқу ұйымдарының ғылыми-техникалық кеңестерінде жан-жақты талқылаудан өтуі тиіс.
6. Байқауға ұсынылған зерттеу үшін кез келген отандық не шетелдік сыйлыққа ие болған үміткерлер, сондай-ақ байқау өткізудің алдындағы 5 жыл үшін мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері байқауға қатыстырылмайды.
7. Байқау жеңімпаздарына «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық беріледі.
8. Сыйлықтың саны мен ақшалай сыйлық мөлшерін Қор жыл сайынғы негізде айқындайды.
9. Байқау және оның қорытындысы туралы барлық ақпарат Қордың веб-сайтында жарияланады.
10. Байқауды ақпараттық, техникалық және қаржылық жағынан Қор қамтамасыз етеді.
3. Жұмысты ұсыну және өтінім беру тәртібі
11. Қордың сыйлығын алу үшін жұмысты ғылыми ұйымдардың және/немесе жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық кеңестері (алқалы органдар) ұсынады.
Жұмысты ұсыну туралы шешім ғылыми ұйымда/жоғары оқу орнында белгіленген тәртіппен қабылданады.
12. Байқауға қатысу үшін 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім мен мынадай материалдарды ұсыну қажет:
1) мазмұны, мақсаты мен міндеті, зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижесі, олардың маңыздылығы мен ғылымның халықаралық деңгейіне сәйкестігі, оларды одан әрі пайдалану мүмкіндіктері баяндалатын ғылыми жұмыстың сипаттамасы (20 параққа дейін).
Ғылыми жұмыстың сипаттамасына үміткер қол қойған, жұмысты беруші ұйымның атауы, үміткер автордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген негізгі парақ (мемлекеттік және орыс тілдерінде) қоса беріледі;
2) мынадай мәліметтерді қамтитын қысқаша аннотация (2 бетте):
алдыңғы жағында – мемлекеттік және орыс тіліндегі жұмыстың атауы, жұмысты ұсынған ұйымның толық атауы; автордың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі және автордың атағы;
артқы жағында – жұмыстың қысқаша мазмұны және нәтижелердің мәні, жұмыс авторының қолы;
3) ұсыныс – жұмысты ұсынатын ұйым басшысының ресми бланкіде қол қойған, жұмыстың (жұмыстар сериясының) өзектілігін, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын, автордың ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасын көрсететін, сондай-ақ үміткер автордың ғылыми жұмысқа айрықша не негізгі үлесін растайтын негіздеме.
4) жұмысты ұсынған ұйымның мөрі басылған, ғылыми-техникалық кеңес (алқалы орган) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме. Үміткер зерттеуді әртүрлі ғылыми орталықта жазған жағдайда әрбір ұйымнан үзіндінің көшірмесі ұсынылады;
5) соңғы 5 жылда ұсынылған жұмыстың тақырыбы бойынша жұмысты ұсынған ұйымның мөрі басылған куәландырылған негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі;
6) жұмысты ұсынған ұйымның басшысы қол қойған және мөр басылған, байқауға ұсынылған ғылыми жұмыстың бұрын осы ереженің 6-тармағында айқындалғандай қандай да бір сыйлық алмағанын куәландыратын анықтама;
7) ұсынылатын зерттеудің бағдары бойынша жетекші ғалымдардың ұсыным хаттары;
8) үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
9) жұмыс орнынан куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
13. Байқауға қатысу үшін материалдар мемлекеттік немесе орыс тілінде, бір түпнұсқа данада рәсімделеді және ұсынылады. Барлық материал нөмірленіп, тігіліп, өтініш берушінің қолы қойылуы керек.
14. Байқауға қатыстырылмайтын және қаралмайтын өтінімдер:
1) электрондық пошта және факс арқылы жіберілген;
2) байқау шартына сәйкес келмейтін;
3) рәсімдеу ережелері сақталмаған;
4) ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімнен кейін байқауға ұсынылғандар.
1. Конкурстық өтінімнің қабылданбау себебі өтініш берушіге айтылмайды.
2. Байқауға ұсынылған материалдар мен құжаттама өтініш берушілерге қайтарылмайды.
4. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі
1. Конкурстық комиссияны қор конкурстық өтінімдерді бағалау және құрамында кемінде 5 адамнан тұратын жеңімпаздарды айқындау мақсатында құрады.
2. Конкурстық комиссияның құрамына белсенді жұмыс істейтін ғалымдар қатарынан жоғары білікті мамандар ретінде танылған тиісті бейіндегі мамандар кіреді.
3. Конкурстық комиссияның міндеттері:
- Құрамы кемінде 5 адамнан тұратын конкурстық комиссияны Қор өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды айқындау мақсатында құрады.
- Конкурстық комиссияның құрамына білікті маман ретінде танылған тиісті бейіндегі ғалымдар, мамандар кіреді.
- Конкурстық комиссияның міндеттері:
байқау өткізу кезінде ашықтықтың, қолжетімділіктің, объективтіліктің, жариялылықтың сақталуын бақылау;
ұсынылған жұмыстардың байқау шартына сәйкестігін тексеру;
конкурстық іріктеу өткізу және байқау жеңімпаздарын анықтау.
4. Байқау қорытындысы бойынша шешімді байқау комиссиясы ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Комиссия мүшелерінің дауыс санынан кемінде 3/4 дауыс жинаған байқауға қатысушы жеңіске жетеді.
5. Комиссия отырыстары оның құрамының кемінде 2/3 кворумы болған кезде заңды болып саналады.
6. Байқау комиссиясының шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Қорытынды хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүше қол қояды және жұмыстарды байқаудың жеңімпаздары деп тану туралы шешімді (жұмыстың атауын және оның авторы/авторларын көрсете отырып) және Қордың сыйлығын беру туралы ұсынымды қамтуға тиіс.
5. Сыйлық беру тәртібі
- Сыйлық беру туралы шешімді Қор конкурстық комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Қордың шешімі Қордың атқарушы директорының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
- Ақшалай сыйлық байқау лауреаттарын салтанатты марапаттау және дипломдар мен төсбелгілерді тапсыру кезінде қолма-қол ақша түрінде беріледі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы
директоры бұйрығымен бекітілген ғылым
мен техника саласындағы үздік зерттеулер
мен жетістіктер үшін Нұрсұлтан Назарбаев
Қорының сыйлығын тағайындау ережелеріне
1-қосымша «___» ___________ 2024 жыл №_____
Ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулер мен жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлығын алуға өтінім
Кімге: Нұрсұлтан Назарбаев Қорына
Кімнен ______________________________________________________________________
(өтініш беруші автордың тегі, аты көрсетіледі)
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес үміткердің тегі, аты, әкесінің аты
|
|
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
|
|
Өтініш берушінің туған күні
|
|
Өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы
|
|
Өтініш берушінің ғылыми дәрежесі
|
|
Жұмыс орны (жоғары оқу орнының/ғылыми ұйымның атауы және мекенжайы)
|
|
Өтініш берушінің атқаратын лауазымы
|
|
Жұмыс ұсынылатын білім (ғылым) саласы
|
|
Өтінім берушінің байланыс телефоны, пошталық мекенжайы және электрондық пошта мекенжайы (болса) |
|
2. __________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған ғылым және техника саласындағы жетістігі үшін сыйлық алуға арналған байқауға қатысуға ниет білдіреді
________________________/ ________________/
(Өтініш берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)
Толтырылған күні _________________
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілі толтырады
Тіркеу нөмірі |
|
Түскен күні |
|
Қор өкілінің Т.А.Ә. және қолы |
|
Басқа жаңалықтар

