ҚазҰУ-дың 46 білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтудеFarabi University

ҚазҰУ-дың 46 білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтуде

1 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 46 білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу рәсімі басталды.

Аталған бағдарламалар ақпараттық технологиялар, механика-математика, химия және химиялық технология, физика-техникалық, география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология, халықаралық қатынастар факультеттері мен Экономика және бизнес жоғары мектебінде жүзеге асырылуда.

1-4 сәуір аралығында CAAAE аккредитация агенттігінің сарапшылары білім беру бағдарламаларына кешенді бағалау жүргізуде. Бағалау барысында комиссия университет басшылығымен, құрылымдық бөлімше жетекшілерімен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерімен, оқытушылармен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілер өкілдерімен сұхбаттар өткізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі