АЭС құрылысы кәсіби жүргізіледі деп үміттенемізFarabi University

АЭС құрылысы кәсіби жүргізіледі деп үміттенеміз

19 тамыз, 2024

Қазақстан Үкіметі ұсынып отырған АЭС салу жобасы тал­қы­ланды, талқылануда және талқыланатын болады. АЭС құрылысы экономиканы да­мы­ту және адамдардың өмірі үшін қажетті елдегі электр энер­гия­сының тапшылығын жеңуге мүмкіндік береді. Әрине, кез келген үлкен жобалар сияқты мұның да оң және теріс жақта­ры бар. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі бі­лім беру факультетінің Шетел­дік­терді тілдік және жалпы білім беру даярлау кафе­дра­сының оқытушылары елдегі барлық оқиғаларды мұқият қадағалап отырады. Жақында кафедрада Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылап, қолдады. Адамдар­дың өмірін жақсарту Президент пен Үкімет қызметінің басым бағыты болып табылады.
Атом электр станциялары бүкіл әлемде қолданылады. Бү­гінде ғалымдарымыз осын­дай объектілермен байланыс­ты барлық тәуекелдерді ес­ке­ріп отыр. Қазіргі уақытта атом энергетикасы жаңа техноло­гия­ларды қолдана отырып бел­сенді дамып келеді. Кафедра ұжымы жаңа жобаны мақұл­дай­ды. Әрине, мұндай нысан­ның құрылысына мамандар үл­кен құзыреттілік пен жауап­кершілікпен қарауы керек. Біз барлығымыз сүйікті Қазақ­стан­ның өркендеуін тілейміз және атом электр станция­сы­ның құрылысы кәсіби және тиімді жүргізіледі деп үміт­те­неміз. 


Елена ИГНАТОВА, 
жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің доценті