ТДМ-4: «Мамандыққа жол» атты кездесу өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы «Жас Сұңқар» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 4 сәуір күні «Мамандыққа жол» атты мектеп оқушыларына арналған ерекше кездесу өтті.
Қоғам белсендісі, мотивациялық спикер Жасұлан Бостандықұлы оқушылармен жүздесіп, өз тәжірибесімен және өмірлік бағыт-бағдарымен бөлісті. Бұл кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, тұлғалық дамуына серпін беруді мақсат етті.
Жасұлан Бостандықұлы өз сөзінде көшбасшылық, мақсат қою, армандарға жету жолындағы табандылық туралы айтып, мотивациялық кеңестерімен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, шабыттанып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ынталанды.
Кездесу еркін форматта өтіп, әр оқушы өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік алды. Шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Ұйымдастырушылар тарапынан Жасұлан Бостандықұлына алғыс білдіреміз! Сондай-ақ, белсенділік танытып, жаңа білім мен шабыт алуға келген оқушыларға да ризашылығымызды айтамыз!
Басқа жаңалықтар

