Жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп

2-6 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасы «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект» атты халықаралық жазғы мектеп ұйымдастырды. Осы бастама аясында университетте Қытай Халық Республикасы Солтүстік-батыс политехникалық университетінің (СБПУ) студенттері және профессорларымен кездесу өтті.
Жазғы мектеп ІТ-технологиялар саласындағы халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.
Бағдарламада дәрістер, шеберлік сағаттары, тәжірибелік сабақтар және семинарлар өткізілді. Жасанды интеллект әдістерін ғылыми зерттеулердің әртүрлі салаларында – үлкен деректерді талдаудан бастап, интеллектуалды модельдеуге дейін қолдануға ерекше көңіл бөлінді.
ҚазҰУ оқытушылары қытайлық әріптестерімен және студенттерімен информатика саласындағы бірегей әзірлемелер мен оқытудың жаңа тәсілдерімен бөлісті. Қонақтар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
Мұндай бастамалар академиялық байланыстарды нығайтуға, халықаралық білім алмасуды ынталандыруға және бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға жол ашады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

