Құстарды қорғау – міндетFarabi University

Құстарды қорғау – міндет

3 наурыз, 2025

«Геодезия және кар­тография» маман­ды­ғының студенттері тұрақты даму мақсат­та­рын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, өз үлестерін қосуда. Соның ішінде №15 – Құрлық экожүйелерін қорғау бағыты студент­тердің жауапкершілігін арттырудағы маңызды міндеттердің бірі.

Құстар табиғаттың тепе-тең­­дігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар зиянды жән­діктермен қоректеніп, өсімдік­тер­дің көбеюіне ықпал етеді. Әрбір құстың өзіне тән үні, түр-түсі мен мінезі бар. Бұл таби­ғат­қа әртүрлілік пен сұлулық сыйлайды. Табиғаттың әсем кө­­ріністері мен құстардың әуез­ді үні адамды ерекше се­зімдерге бөлейді.

Осы орайда, география және табиғатты пайдалану фа­куль­теті Картография және геоинформатика кафедра­сы­ның 2-курс студенттері «Құс­тар­ды қорғау – табиғатты қор­ғау» ұстанымымен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына барып, құстардың ұялары мен ас­тау­ларына жем толтырып, қо­рек­тендіріп қайтты.

Аталған іс-шараның мақ­­са­ты – адамзаттың қоршаған ортаға деген жанашырлығын ояту. Бұл шара студенттерге табиғатты аялауға, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүрудің маңыздылығын түсінуге көмек берді. Білім алушылар құс­тар­ды қоректендіріп қана қоймай, олардың экожүйедегі рөлін де тал­қылады. Мұндай іс-ша­ра­лар жастардың табиғатты қор­ғау жауапкершілігін арттырып, қор­шаған ортаға деген сүйіс­пен­шілігін нығайтады.

Құстар – біздің қоршаған ор­таның маңызды бөлігі. Олар­ды қорғау – әрбір адамның мін­деті. Егер біз табиғатымызды ая­лауды үйренсек, болашақ ұр­паққа да бай экожүйе мен әсем табиғатты аманат ете ала­­мыз. Құстарды қорғауға бір­­ге үлес қосайық!

Зейнеп СӘРСЕМБЕКОВА,

Салтанат ТУМАЖАНОВА,

Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушылары