Назарбаев Университетінің ғалымы ҚазҰУ-да дәріс оқыды

Ғылым күніне орай, Назарбаев университетінің ғалымы, PhD докторы Дэйстар Селорм Атти Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқыды.
Кездесуге университет ғалымдары, профессорлар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Дэйстар Селорм Атти көшбасшыларды оқыту, тұрақтылық, бейімделу және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы зерттеулер туралы айтып берді.
Сондай-ақ спикер банк ісі, консалтинг, дамушы нарықтардың кейс зерттеулері және академиялық ортадағы кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Ғалым Emerald Case Studies журналында басқару шешімдерін қабылдау және жұмыс орнындағы динамика сияқты тақырыптарға арналған зерттеулер жариялаған.
Кездесуде Дэйстар Селорм Атти сонымен қатар PhD докторанттардың әлеуметтану саласындағы практикалық жұмыстарына тоқталып, тиімді оқу үшін үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл кездесу студенттерді ғылым жолында кәсіби дағдыларды игеруге ынталандырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
