Ардагер ғалымға құрмет көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы педагогика ғылымының докторы, академик, ардагер ұстаз, ғалым, профессор Жүсіп Сүлейменұлының үйіне барып, Ғылым күнімен және 85 жас мерейтойымен құттықтады.
Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор міндетін атқарушы Марғұлан Ибраимов мерейтой иесіне ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқып, «Farabi» алтын медалін тапсырды.
«Сіздің ғылыми-педагогикалық еңбек жолыңыз университетімізбен тығыз байланысты. Білім ордасында өткен 65 жыл ғұмырыңызда оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, әдістемелік кеңсе төрағасы, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы қызметтерін атқардыңыз. Ізденістеріңіздің нәтижесінде қазақ тілінде алғаш жарық көрген «Дифференциалдық теңдеулер» атты екітомдық оқулық жазып, мазмұнды монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдарын шығардыңыз. Еңбектеріңіз ғылыми ортада жоғары бағаланды. Отандық ғылымның дамуына белсенді араласып, ауқымды жобаларды іске асырдыңыз. Жастардың қамқоршысы болып, ізбасарларыңызды тәрбиелеп, өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырдыңыз», – делінген хатта.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
