Жас ғалымдарды қолдауFarabi University

Жас ғалымдарды қолдау

12 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында 1-3 курс докторанттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шығыстану факультеті ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жас ғалымдарды ынталандыру,  тәжірибе алмасу және олардың академиялық мансапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Кездесуді ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек ашып, қатысушыларды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.

Өз кезегінде шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем докторанттарға жылы лебізін айтып,  тілектестігін білдірді.

Ғылыми басқосуды   факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Сая Алипова жүргізіп отырды.

Кездесуде тарихшы ғалымдар Нәбижан Мұқаметханұлы «Ғылыми жетекшімен тиімді жұмыс істеу стратегиялары» тақырыбында және Мырзахан Егембердиев «Докторлық диссертацияны қорғау үдерісі және диссертациялық кеңестің қызметі»  тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады.

Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, PhD Назым Қайранбаева мен «Шығыстану» мамандығының 3-курс докторанты Назерке Хамитова өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтты.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми зерттеулер жүргізудегі қиындықтар мен жетістіктер жайында пікір алмасты.

Кездесу соңында университеттік ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан оқытушылар мен жас ғалымдар алғыс хаттармен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі