ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

13 сәуір, 2025
  • Жансейіт Түймебаев  академик, көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуәли Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығының салтанатты ашылуына қатысты. 
  • Ректор жас түркітанушыларға арналған «Neotürk: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференцияда сөз сөйледі. 
  • ЖОО басшысы «Ғылым апталығы» аясында оқу ордасының оқытушы-ғалымдарымен кездесу өткізді.
  • ҚазҰУ ректоры Jiangsu Huibo Robotics Technology Co компаниясының Халықаралық байланыс және негізгі тапсырыс берушілермен жұмыс департаментінің директоры Ли Вэнды қабылдады. 
  • Жансейіт Түймебаевтың бұйрығымен Марғұлан Ибраимов  ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор міндетін атқарушы, Қуаныш Тастамбек  Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті директоры қызметіне тағайындалды.
  • Жансейіт Қансейітұлы барлық ғылым жолындағы зерттеушілер мен жас ғалымдарды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.