Бейжің шет тілдер университетінің президенті Цзя Вэньцзян бастаған делегация ҚазҰУ музейін тамашаладыFarabi University

Бейжің шет тілдер университетінің президенті Цзя Вэньцзян бастаған делегация ҚазҰУ музейін тамашалады

18 сәуір, 2025

Екі ел арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық бағыттарын жандандыру мақсатында келген қытайлық делегацияға университет қалашығындағы кешендер мен ғимараттар көрсетілді.

Университет тарихы мен болашағынан толық ақпарат беретін музей экспозицияларын тамашалаған делегация экскурсия үшін алғыстарын білдірді.