Профессор В.А.Разумовскаяның ғылыми-танымдық лекциясыFarabi University

Профессор В.А.Разумовскаяның ғылыми-танымдық лекциясы

14 сәуір, 2025

2025 жылдың 14 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Мәдениетаралық қарым-қатынас және әлем тілдері» орталығында филология ғылымдарының кандидаты, Сібір федералды университетінің профессоры Вероника Адольфовна Разумовскаяның «өзге» тілдегі және семиотикалық кеңістіктегі әлем әдебиетінің «күшті» мәтіні тақырыбында дәрісі өтті.
  Дәріс барысында профессор В.А. Разумовская «күшті» мәтін туралы авторлық тұжырымдамасымен, Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» еңбегін мысалға ала отырып, оның әртүрлі лингвистикалық және мәдени контексте трансформациялану механизмдерімен таныстырды.
  Қазіргі гуманитарлық дискурстағы, мәдениетаралық коммуникация мәселелері, аударма, семиотика және әдебиет теориясы дискурсындағы интерсемиотикалық аударма мысалдарына талдау жасалды.
  Ашық дәріс магистранттарға, докторанттарға, жас ғалымдар мен оқытушыларға оқылды.

Орталық директоры С.Бегалиева