Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер мұражайына экскурсия

8, 9 және 12-топ студенттері эдвайзерлері И.В. Мацко, Л.Қ. Мамытбекова және Р.С. Туребековалармен бірге Ә. Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер мұражайына экскурсияға барды. Алматының көрікті жері болып табылатын мұражай ғимаратының өзі, мұражай айналасындағы тамаша аумақ – демалыс аймағы, сонымен қатар, мұражай залдары, әртүрлі мектептер мен бағыттағы суретшілердің түпнұсқа экспозициялары-картиналары, Қазақстан мен Өзбекстаннан келген суретшілердің көрмелері – Қытайдан келген студенттердің бәріне қызықты болды. Мұражайдың үшінші қабатында Ақтаудан келген жас суретші Рафаэль Слекеновтің суреттері қойылған. Шетелдік студенттер суретшінің өзімен кездесіп, әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Суретшінің картиналары позитивті, жарқын және қанық түсті – олар біздің тыңдаушыларымызға өте ұнады, сондықтан олар суретшімен өнер туындысы жайлы сөйлесіп, одан өмірі мен шығармашылығы туралы сұрады. Жалпы, экскурсия шетелдік тыңдаушыларға өте ұнады.
Басқа жаңалықтар


