Болысбаева Айнура Канапиевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Болысбаева Айнура Канапиевнаның «Қазақстандағы мұсылман әйелдердің діни бірегейленуі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Шағырбай Алмас Дүйсенбекұлы – философия докторы (PhD), ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D020600 – Дінтану
- Бектенова Мадина Кенесарыевна – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D020600 – Дінтану.
Ғылыми жетекшілер:
- Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Тим Б. Хитон – философия докторы (PhD), Бригам Янг университетінің профессоры (Прово қ., Юта штаты, АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сейтахметова Наталья Львовна – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының бас қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
2. Кабиденова Жулдыз Дюсенбаевна – философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан);
3. Смагулов Мурат Нурмухамбетович – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 23 мамырында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98985201027?pwd=XLN4b0nNNBkt8DlpbmwBNGx4biA7hi.1
Идентификаторы: 989 8520 1027
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


