Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасы  құқықтық білім беру бойынша тегін кеңес бердіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасы  құқықтық білім беру бойынша тегін кеңес берді

20 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастыруымен студенттік заң клиникасы аясында университеттің Университет студенттеріне арналған тегін заңгерлік кеңес беру шарасы өтті.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Рашева Г.К., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, PhD Куандыкова Э.С., сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Бакиров Д.А. қатысты.

Кеңес барысында ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің 3 курс студенті Құрасбек Сұлтанғалиге заңгер мамандығы бойынша білім алудың тәртібі мен ережелері, құқықтық білімнің негіздері, құқықтық тәжірибе туралы нақты әрі практикалық маңызы бар ақпараттар ұсынылды.

Бұл шара – ҚазҰУ-дың әлеуметтік жауапкершілік саясатының және білім мен тәжірибені біріктіретін құқықтық клиникалық білім беру моделінің нақты көрінісі болды.