ҚазҰУ – шахмат турнирінің жеңімпазы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыда өткен University Chess Cup шахмат турнирінде жеңіске жетті.
Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған университеттер арасындағы шахмат турнирінде ҚазҰУ командалық есепте жеңіс тұғырынан көрініп, 30-ға жуық жоғары оқу орындары арасынан үздік шықты.
Жарысты Қазақстан шахмат федерациясы мен Ұлттық спорттық студенттік одағы ұйымдастырды.
Екі күнге созылған сайыс швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Тоғыз турдан тұратын турнирде әр партияға 10 минут және әр жүрістен кейін 5 секунд қосылды. Команда құрамында төрт ойыншы болды.
University Chess Cup – жастар арасындағы зияткерлік жарыстарды жаңа деңгейге көтерген жобалардың бірі.
Бұған қосымша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 3-курс студенті Алмас Шудабай турнирде жеке есеп бойынша үздік атанды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

