«Саналы ұрпақ» олимпиадасындағы жеңіс

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да жоғары оқу орындары арасында республикалық «Саналы ұрпақ» олимпиадасы өтті.
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өткен іс-шара Алматы қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Превенция басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Олимпиадаға еліміздегі жоғары оқу орындарынан 10 команда қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен заң факультетінің студенттер командасы қатысты.
Команданың ғылыми жетекшісі – Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Үсейінова.
Команда капитаны Лучкин Кристиан және Исабекова Ақлия, Жақыпбек Мирас сынды жастардан құралған топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы терең меңгергендерін, шығармашылық ойлау қабілеті мен ұйымшылдықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша ҚазҰУ студенттері жүлделі бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаздарды Алматы қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


