
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Түркияның Орду университетінің ректоры Орхан Баш бастаған делегациямен кездесу өткізді.
Жүздесуде тараптар білім, ғылым саласындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
ҚазҰУ ректоры түркиялық жоғары оқу орындарымен көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркияның 46 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан. Болашақта ғылым және білім, мәдениет салаларындағы серіктестікті дамыту қажет. Қазіргі уақытта университетте 105 түркиялық студент білім алуда», – деді ректор.
Өз кезегінде ілтипат білдірген Орду университетінің ректоры Орхан Баш оқу ордасының басшылығына ризашылығын білдіріп, серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Кездесу бірлескен ғылыми-білім беру жобалары шеңберінде одан әрі әріптестік пен өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылауға ұласты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


