Ғылыми жобаларды коммерцияландыру жөнінде семинар өттіFarabi University

Ғылыми жобаларды коммерцияландыру жөнінде семинар өтті

2 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Технологияларды коммерцияландырудың практикалық аспектілері» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Іс-шараны ҚазҰУ-дың Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы мен Қазақстандық технологияларды коммерцияландыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Басты мақсат – ғылыми идеяларды нарықтық өнімге айналдыру жолдарын көрсету, жас зерттеушілер мен стартап иелеріне тәжірибелік бағыт-бағдар беру, сондай-ақ университеттің кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін арттыру.

Семинар барысында қатысушылар технологияларды коммерцияландырудың кезеңдері, зияткерлік меншікті қорғау, стартап жобаларды қаржыландыру көздері мен венчурлық инвестиция тарту мәселелері бойынша құнды ақпарат алды. Бұған қосымша табысты жүзеге асырылған жобалар ұсынылып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуге қатысқандар өздерінің инновациялық-ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру стратегиясын дұрыс құруға және бизнес құрылымдармен жұмыс істеуге көмектесетін теориялық білім алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі