ҚазҰУда «Қош келдің, әз-Наурыз» мерекесі аталып өтті.
17 сәуір, 2025

Наурыз мерекесінде жастар алтыбақан теуіп, ұлттық ойындар ойнайды, үлкендер бата береді. Ауыл-аймақ бір-бірін кешіріп, жаңаруға, тазаруға ұмтылады. Бұл күн – адамдардың ниеті мен жүрегі де тазара түсетін ерекше сәт.
Наурыз – халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, рухани мұрасын ұлықтайтын ұлы мейрам. Осы күн әрбір шаңыраққа шаттық пен жақсылық әкелсін!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУде Наурыз мерекесі аталып өтті: АРТ-орталық дайындаған «Көктемнің оянуы» композициясы мен 1000 қазулықтардың қатысуымен орындалған Абай әндерінен попурри келген қонақтарға әсерін тигізді. «Фараби сазы» студенттік ұлт-аспапатар оркестірі мерекенің сәніне айналды.