ТДМ-4: «Армандадым...» атты есептік-сайлау кеші өттіFarabi University

ТДМ-4: «Армандадым...» атты есептік-сайлау кеші өтті

28 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Армандадым...» атты есептік – сайлау кеші өтті.

Кеш барысында 2023-2025 жылдар аралығында төрағалық қызметте болған Нұрқияс Аяна Айтуғанқызының есеп беруі өтті. Аяна «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағында елеулі еңбек етіп, осы жолда биікті бағындырған білгір көшбасшы бола білді. Кеш барысында Аяна Айтуғанқызының осы жылдар бойы жасаған жұмыстары айтылып, еңбегі бағаланды.

Сонымен қатар кеш барысында көрермендер арасында түрлі интеллектуалдық ойындар ойнатылып, әсем ән шырқалып, мың бұралған бишілермен би де биленді.

Осы кеште «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының жаңа төрағасы болып филология факультетінің 3-курс студенті Амантай Азамат тағайындалды.

Кәсіподақтың жұмысын тиімді ұйымдастырып, белсенді түрде жұмыс жасаған Аяна Айтуғанқызына шексіз алғыс білдіреміз!