Қайрат Бақытжан Қайратұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Қайрат Бақытжан Қайратұлының «Гиппокамптың нейрондық желісінің қозуын бақылауда тежегіш нейрондардың кальций-өткізуші каинатты және AMPA рецепторларының рөлі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы базасында орындалды.
Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Калекешов Аскар Маралович – биология ғылымдарының кандидаты, Генетика және физиология институты (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.13 – физиология;
- Есимов Наби Болатович – Ph.D., Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау.
Ғылыми жетекшілері:
Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы – биология ғылымдарының докторы, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры ҚР ҰҒА академигі, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ҚеАҚ (Алматы қ., Қазақстан).
Зинченко Валерий Петрович – биология ғылымдарының докторы, профессор, жасушаішілік сигнализация зертханасының меңгерушісі, Жасуша биофизикасы институты РҒА (Пущино қ., Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Белослудцева Наталья Валерьевна – биология ғылымдарының кандидаты, Митохондриялық транспорт зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Теориялық және эксперименттік биофизика институты РҒА (Пущино қ., Ресей)
- Тоқайұлы Тұрсынжан – MD, PhD, қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);
- Умбаев Бауыржан Айтжанович – PhD, қауымдастырылған профессор, Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, «National Laboratory Astana» ЖМ, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);
Қорғау 2025 жылы 13 маусымда, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D05104 – Генетика» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтеді.
Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:
https://zoom.us/j/99030228560?pwd=rv90pG0GEVWQl9x2RgUJlQqhJy3Y23.1
Идентификатор: 990 3022 8560
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


