Медицина бойынша тәжірибе алмасуFarabi University

Медицина бойынша тәжірибе алмасу

14 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов Бейжің қытай медицина университетінің президенті, профессор Тан Чжишумен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Проректор Қытайдан келген меймандарды қарсы алып, білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ғылыми жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен қатар Тан Чжишуға шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жүргізудегі университет тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде Тан Чжишу Бейжің қытай медицина университеті мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде медицина саласы бойынша серіктестікті дамыту үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.

Кездесу соңында тараптар ізгі тілектер мен естелік сыйлықтармен алмасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі