.png)
Тарих курсы басталды! М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары арнайы тарих курсы аясында оқуды бастады. Курс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының қолдауымен өтуде. Бағдарламаның мақсаты — білімді жаңарту, тәжірибе алмасу және тарихты жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу.