Мукажанова Айнагуль Сериковна

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Мукажанова Айнагуль Сериковнаның «Мектеп жасындағы балалардағы жарықтың сыну қателерін ерте анықтау бойынша кешенді бағдарламаны әзірлеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Балмұханова Айгүл Владимировна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Caspian University «International School of Medicine» хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан).
Мамандығы: 14.00.08 – «Офтальмология»
2. Семенова Юлия Михайловна – медицина ғылымдарының кандидаты, Nazarbayev University Медицина мектебі хирургия кафедрасының ассистент-профессоры (Астана, Қазақстан).
Мамандығы: 14.00.33 – «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»
Ғылыми жетекшілер:
1. Винников Денис Владимирович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Денсаулық және қоршаған орта» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан).
2. Бржеский Владимир Всеволодович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінің офтальмология кафедрасының меңгерушісі (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Золотарев Андрей Владимирович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Самара мемлекеттік медицина университетінің офтальмология кафедрасының меңгерушісі, Т.И. Ерошевский атындағы Самара облыстық клиникалық офтальмология ауруханасының бюджеттен тыс қызметті ұйымдастыру жөніндегі бас дәрігердің орынбасары (Самара, Ресей Федерациясы).
2. Утельбаева Зауреш Турсунқызы – медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
3. Урбанчич Мойца – PhD, Любляна университетінің медицина факультетінің доценті (Любляна, Словения).
Қорғау 2025 жылдың 23 маусымында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі, 201 аудиториясында.
Zoom сілтемесі:
https://zoom.us/j/93553908381?pwd=bTHgkwhLEDFSVOxWya01IDa6VjtbM8.1
Конференция идентификаторы: 935 5390 8381
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


