Термез университетімен келіссөзFarabi University

Термез университетімен келіссөз

20 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов Өзбекстаннан келген Термез мемлекеттік университетінің делегациясымен жүздесті.

Делегация құрамында ғылыми зерттеулер, инновациялар және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Ибрагим Умбаров, халықаралық қатынас бөлімінің басшысы Мухриддин Бегамов және факультет декандары бар.

Кездесуде проректор Еркін Дүйсенов құрметті меймандарға  Өзбекстан жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жүргізудегі ҚазҰУ-дың тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ өз сөзінде проректор бүгінгі кездесу жаңа мүмкіндіктер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Ибрагим Умбаров оқытушылар мен студенттер алмасу, ғылыми журналдарға бірлескен мақалалар жариялау, студенттер мен жас ғалымдарға жетекшілік ету бойынша ҚазҰУ-мен әріптестік байланыс орнатып, жұмыс атқаруға Термез мемлекеттік университеті мүдделі екенін баса айтты.

Келіссөз барысында тараптар ынтымақтастықты жандандыру бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі