
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Әден Жансая Шүкірқызы «Формирование билингвальной личности учащихся казахстанских школ: антропологический аспект» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Мусатаева Манат Шаяхметовна – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан)
- Агманова Атиркуль Егембердиевна – филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана қ., Қазақстан)
Ғылыми жетекшілер:
- Сансызбаева Сандугаш Кадралиевна – филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан);
- Кулмаматов Дусмамат Саттарович – филология ғылымдарының докторы, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қалиева Альмира Қайыртаевна – филология ғылымдарының кандидаты, М.О.Ауэзов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары;
2. Ормаханова Енлик Нурлановна – PhD, Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
3. Москвичева Светлана Алексеевна (шетелдік ғалым) – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазіргі тілдер, мәдениетаралық коммуникация және көші-қон ғылыми-білім беру институтының директоры (Мәскеу қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылдың 24 маусымында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92871676150?pwd=beGsSRZafbK5MDexLXYClI74CLXizW.1
Идентификатор: 928 7167 6150
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


