Ахметова Асем АлтынбековнаFarabi University

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ахметова Асем Алтынбековнаның «Астық саудасын халықаралық құқықтық реттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Алибеков Сайлаубек Тынышбекович – заң ғылымдарының докторы, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің Әлеуметтік ғылымдар және құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Байжомартова Карлыгаш Асылжомартовна – PhD доктор, Нархоз Университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Баймагамбетова Зульфия Мажитовна – PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Карлос Эсплугес Аурелио Мота – заң ғылымдарының докторы, Валенсия Университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры (Валенсия қ., Испания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Кусаинова Айнур Казыбековна – PhD доктор, Нархоз Университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Ван Хунвей – PhD доктор, Харбин политехникалық университетінің Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Құқық мектебінің деканы (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Абдрахманова Эльмира Сериккельдиевна – заң ғылымдарының кандидаты, ««Power law» сараптамалық консультациялық орталығы» ЖШС директоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 25 маусым күні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 309 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/95622483015?pwd=bOXXi4E8NBJgKqNI9pOmx4YccWOyj4.1

Конференция идентификаторы: 956 2248 3015

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы