Ибраимова Анар Ратаевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ибраимова Анар Ратаевнаның «Қазақ және қытай тілдеріндегі этикет нормаларының лингвомәдени ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Алдаш Айманкүл Мырзалықызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
2. Кобланова Айман Жилкибаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Досымбекова Рауан Орикбаевна – философия докторы PhD, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);
2. Сапашев Ораз Сапашұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Стамбул университетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ермекова Тыныштык Нурдаулетовна – филология ғылымдарының докторы, КеАҚ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Пашан Дана Мұсабекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
3. Бадмаев Валерий Николаевич – философия ғылымдарының докторы, профессор Ресей Ғылым Академиясы Оңтүстік ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылдың 24 маусымында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96190992592?pwd=EldbIKs4aaL4jMM1bMMnua4874wGhp.1
Идентификаторы: 961 9099 2592
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


