АҚШ-тың жетекші университеттерінің бірі — «PennState University» өкілдері ҚазҰУ-дың «Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі» кездесуден соң музей тамашаладыFarabi University

АҚШ-тың жетекші университеттерінің бірі — «PennState University» өкілдері ҚазҰУ-дың «Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі» кездесуден соң музей тамашалады

26 мамыр, 2025

Америкалық университеті өкілдері ішінде:

•             Dr. Vlad Likholetov, PhD, MBA – PennState Университетінің әріптестік келісімдер және Еуразия елдерімен серіктестік бойынша директорының орынбасары.

•             Dr. Phillip Jolly – PennState Университетінің бизнес басқару мектебінің доценті;

•             Dr. Joon Yoon – PennState Университетінің Оқу және өнімділік жүйелері департаментіндегі Кәсіби білім беру және даму бағдарламасының доценті бар.

Екі университет студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, докторанттарға бірлесіп ғылыми жетекшілік ету, PennState профессорларын факультетте дәріс оқуға шақыру, сондай-ақ қос дипломды бағдарлама ашу мақсатында келген әріптестер университеттің өркендеу жолындағы белестеріне қызығушылық танытты.

Музей экскурсияларының өте талғаммен, университетке деген сүйіспеншілікпен жасалғанына риза болды. ҚазҰУ Музей ісі тәжірибесін өз университеттерінде де қолдануға ниет білдірді.