Трабзон университетімен тұрақты байланысFarabi University

Трабзон университетімен тұрақты байланыс

27 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Трабзон университетінің ректоры Эмин Ашиккутлу  бастаған делегацияны қабылдады.

Жүздесу барысында тараптар серіктестікті дамыту перспективаларын талқылады, атап айтқанда білім және ғылым саласындағы  ынтымақтастықты нығайту мәселесіне ерекше назар аударды.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа оқу ордасының қызметін таныстырып, алдағы жоспарлар  туралы ақпарат берді.

Өз сөзінде Жансейіт Қансейітұлы Эмин Ашиккутлуға  бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда Трабзон университетімен бірге ғылыми жобаларды жүзеге асыру, көшбасшылық дәрістер оқу мақсатында түркиялық профессорларды ҚазҰУ-ға шақыру және қосдипломдық білім беру бағдарламасын іске қосу.

Трабзон университетінің ректоры Эмин Ашиккутлу аталған ұсыныстарды қолдайтынын және болашақта ҚазҰУ-мен тығыз жұмыс істейтінін жеткізді.

Кездесу бірлескен ғылыми-білім беру жобалары шеңберінде одан әрі әріптестік пен өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылауға ұласты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі