Нұрым Нұрдәулет Нұрасылұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01502 – Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нұрым Нұрдәулет Нұрасылұлының «Робототехниканы бірлесіп оқыту процесінде негізгі орта мектеп оқушыларының есептеу ойлауын қалыптастыру» тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады.
Ғылыми жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Ибашова Альмира Байдабековна – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ., Қазақстан).
- Бостанов Бектас Ғаниұлы – п.ғ.к., доцент, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Серік Меруерт – п.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
- Димировский Георгий – DSc, профессор, Скопьедегі Әулие Кирилл мен Мефодий атындағы университеті (Скопье қ., Македония).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Мукашева Манаргуль Умирзаковна – п.ғ.к., профессор, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).
- Шекербекова Шырынкыз Тилеубергеновна – п.ғ.к., профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
- Лу Кайли – PhD, Нанкин пошта және телекоммуникациялар университеті (Нанкин қ., Қытай).
Қорғау 2025 жылдың 30 маусым күні, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «8D07109 – Автоматтандыру және Internet of Things», «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «8D06114 – Медицина саласындағы жасанды интеллект», «8D01502 – Информатика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті форматта (офлайн/онлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/94729710168?pwd=FYfCx7QSdrVbH5mQHJY6x6vFFzNdxO.1
Идентификатор коды: 947 2971 0168
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


