ҚазҰУ – Қазақстан университеттері арасында сұраныс рейтингінде көш бастап тұрFarabi University

ҚазҰУ – Қазақстан университеттері арасында сұраныс рейтингінде көш бастап тұр

29 мамыр, 2025

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының сұранысын анықтайтын тәуелсіз рейтингтің 2025 жылғы қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі ұлттық университеттер арасында ең жоғары балл жинап, бірінші орынға ие болып, үздік университет деп танылды.

Рейтингті Observatory on Academic Ranking and Excellence (IREG) аккредиттеген Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өткізді. 2025 жылы рейтинг аясында бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті. Жүлделі орындар саны бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 614 142 балл жинап, ҚР Топ – 20 ЖОО көшбасшыларының алғашқы үштігін бастап тұр.

2025 жылғы рейтинг нәтижелерін талдау барысы Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуындағы оң үрдістерді көрсетті, атап айтқанда:

  • Халықаралық студенттік олимпиадалар жүлдегерлерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты.
  • Алыс шетелден оқытушыларды тарту көрсеткіші 19 пайызға өсті.
  • Оқытушы-профессорлық құрамның жарияланымдық белсенділігі 23 пайызға ұлғайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық ұтқырлық пен ғылыми өнімділік бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында өз көшбасшылығын растады. Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, әлемдік деректер базаларында индекстелетін ғылыми жарияланымдар саны бойынша алдыңғы қатарда.

Білім беру бағдарламаларының сандық рейтингі 1650 білім беру бағдарламаларының рейтингін және ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы ұлттық рейтингке қатысу білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді және білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың танылуы және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықты хабардар етуді қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы ЖОО сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2025» нәтижелері туралы толық ақпарат төмендегі сілтемеде: https://iaar.agency/rating/1/0/2025  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі