Қазан университетімен әріптестікFarabi University

Қазан университетімен әріптестік

29 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Қазан федералды университетінің ректоры Ленар Сафинмен кездесті.

Тараптар жоғары білім және ғылым саласында бірлескен мақсаттарды іске асырудағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырды.

Кездесу барысында университет басшысы Жансейіт Түймебаев Ленар Сафинге ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат бере отырып, оқу ордасы Ресейдің, соның ішінде Қазан ЖОО-ларымен байланысты қарқынды дамытып  келе жатқанын атап өтті.

Жүздесу барысында Қазан федералды университетінің ректоры Ленар Сафин Қазақстанның көшбасшы университетімен серіктестікті дамытуға баса мән беретінін жеткізді.

Өз сөзінде Қазан университетінің басшысы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу, қосдипломдық білім беру бағдарламасын іске қосу бойынша ұсынысын ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі