Жақыпов Әлібек Серікұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жақыпов Әлібек Серікұлының «Модификацияланған GST қабықшаларына негізделген ақпаратты оптикалық және электрлік жазуға арналған энергияға тәуелсіз жад элементтері» («Элементы энергонезависимой памяти для оптической и электрической записи информации на основе модифицированных пленок GST») тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Жаканбаев Елдар Асхатович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ядролық физика институтының ионды-плазмалық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы «1.04.07 – Конденсацияланған күй физикасы»;
2. Арбуз Александр Сергеевич – философия докторы (PhD), Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы «6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы».
Ғылыми кеңесшілері:
1. Максимова Суюмбика Якубовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан);
2. Колобов Александр Владимирович – физика-математика ғылымдарының докторы, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің Физика институтының директоры (Санкт-Петербург қ., Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Штерн Максим Юрьевич – техника ғылымдарының докторы, Мәскеу электрондық техника институтының «Термоэлектрлік материалдар мен жүйелер» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Зеленоград қ., Ресей);
2. Мить Константин Александрович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Физика-техникалық институты» жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
3. Руткуниене Живелье – философия докторы (PhD), Каунас технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры (Каунас қ., Литва).
Қорғау 2025 жылдың 1 шілдеде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.
https://zoom.us/j/94556744212?pwd=48EaZyWynFfuzyd19am0MBtuKFFCPz.1
Идентификатор: 945 5674 4212
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


