«Адалдық пен әділдік – жемқорлықтың алдын алу жолы»
16 қаңтар, 2025

16.01.2025 ж күні ПОК-108 тобы «Адалдық пен әділдік – жемқорлықтың алдын алу жолы» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерге жемқорлық туралы мәліметтер беріп қана қоймай,оған жол бермеу керектігін түсіндіру.Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық тек қана мемлекеттер үшін емес, бүкіл адамзат баласы үшін күрделі проблемаға айналды. Бұл құбылыс қоғамның тұрақтылығына, экономиканың дамуына, әрі ұрпақ болашағына кері әсерін тигізуде. Әрбір өркениетті мемлекет сыбайлас жемқорлықты жоюды басты мақсаттарының біріне айналдырды. Қазақстан Республикасының Президенті еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, қоғамда әділдік пен адалдықты орнатуға үлкен күш салуды тапсырды.
Басқа жаңалықтар

3 маусым, 2025

2 маусым, 2025

31 мамыр, 2025