«Құқықтық тәртіпті өзіңнен баста»

📢 «Жеке мінез-құлық – құқықтық тәртіптің негізі» тақырыбында дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-хатшылары:
• Жанғабылова Мадина Ғабитқызы
• Төкеш Ербол Ақтөлегенұлы
қатысқан танымдық дәріс өтті.
Дәріс «Құқықтық тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында ұйымдастырылды. Шараға «Құқықтану» мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысып, мамандарға өз сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
💡 Ұйымдастырушылар:
Әуелов А.А., Кенжебаева Э.Б., Тоғайбаев Р.М.
Бұл дәріс студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық тәртіптің жеке жауапкершіліктен басталатынын түсінуге зор мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
#ҚазҰУ #ҚұқықтықТәртіп #БолашақЗаңгерлер #Құқық 📢 Лекция на тему: «Жеке мінез-құлық – құқықтық тәртіптің негізі»
Басқа жаңалықтар


