Балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілдіFarabi University

Балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді

2 маусым, 2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызметкерлердің балалары үшін «Парасат» кәсіподағы Әскери кафедра базасында мерекелік шара ұйымдастырды.

Кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев балалар мен ата-аналарды құттықтап, айтулы мерекенің балалар өміріндегі тәрбиелік және әлеуметтік маңызына ерекше тоқталды.

Ұйымдастырушылар әртүрлі жастағы балалар үшін қызықты спорттық-ойын-сауық шараларын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады.

Бұл мерекеде ешқандай бала сыйлықсыз қалмады. Қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар үлестірілді.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға ерекше әсер мен шаттық сыйлады. Ата-аналар мен балалар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыс білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

​​​​​​​

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі