СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХОЛОГТАР ФОРУМЫ ӨТТІFarabi University

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХОЛОГТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

27 мамыр, 2025

Сәтбаев университетінде «Салауатты ұрпақ – қауіпсіз орта» тақырыбында психолог мамандарға арналған форум өтті. Іс-шараға қаладағы жетекші жоғары оқу орындары мен колледждердің психолог мамандары қатысты. Сәтбаев университетінің психологы Әйгерім Маратқызы Сүлейменова спикер қызметін атқарып, «Стресспен қалай күресуге болады» атты тақырыпта баяндама жасады, ол академиялық және әлеуметтік ауыртпалық жағдайында адам өзін-өзі қалыпқа келтіруінің және оған психологиялық қолдау көрсетудің практикалық әдістерімен бөлісті. Сәтбаев Университетінің психологиялық қызметі студенттерге де, университет қызметкерлеріне де белсенді түрде қолдау көрсетеді, сөйтіп ыңғайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға және денсаулықты эмоционалдық тұрғыда нығайтуға ықпал етеді.

Форум аясында қатысушылар білім беру жүйесіндегі заманауи психологиялық мәселелерді, жасөспірімдер мен жастардың эмоционалды тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруда психологтардың рөлін талқылады. Бұл диалог алаңы мамандар арасында тәжірибе алмасуға, тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салуға мүмкіндік берді.