ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – тәуелсіз еліміздің егемендігі мен бірлігін айшықтайтын айрықша мереке.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың болмысы мен мұрат-мақсатын айқындайтын қасиетті құндылықтар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігі мен тұтастығының жарқын белгісі. Бұл – ұлттың рухын көтеретін, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін қуатты құрал», – деп атап өткен болатын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді азаматтық парыз әрі елдік жауапкершілік деп түсінеді.
Бұл күн баршамыз үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен берік сенімді білдіретін ерекше мәнге ие.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, елімізге бірлік пен ынтымақ тілеймін!
Мемлекеттік рәміздеріміздің қадір-қасиеті мен құндылығы арта берсін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Басқарма Төрағасы – Ректор
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
Басқа жаңалықтар
