Халықаралық жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп қатысушылары университет музейін араладыFarabi University

Халықаралық жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп қатысушылары университет музейін аралады

2 маусым, 2025

Халықаралық Жазғы мектептің жасанды интеллект бағдарламасы Ақпараттық технологиялар факультетінің "Ақпараттық жүйелер" кафедрасы аясында өткізіліп, оған Бұхара мемлекеттік университетінің (Бұхара қ., Өзбекстан Республикасы), Қырғыз-Герман қолданбалы информатика институтының (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.