Қытай ЖОО-ларымен әріптестік байланыс қарқынды дамуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытайдағы Нанкин университетінің және Сюаньу ауданы халық үкіметінің өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келді.
Сюаньу аудандық комитетінің мүшесі Чжу Цзянью бастаған делегациямен ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында ректор оқу ордасының тарихы мен жетістіктері туралы ақпарат берді. Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ мен Нанкин университеті арасындағы жасалған көпжылдық байланыстың жемісті болғанын атап өтті.
Өз кезегінде Сюаньу аудандық комитетінің мүшесі Чжу Цзянью ҚазҰУ-ға оқуға түскісі келетін қытайлық жастардың саны жыл сайын артып келе жатқанына тоқталды.
Сондай-ақ өз сөзінде құрметті қонақ студенттер алмасу, ортақ білім беру бағдарламасын іске қосу бағытында ұсыныс-пікірін ортаға салып, әріптестік байланысты нығайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


