Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БАжҚББИ-да жаңа курстар басталды
9 маусым, 2025

2025 жылғы 2 маусымда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Самарқанд мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін бірден екі бағыт бойынша курстар басталды. Атап айтқанда, тыңдаушылар «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» және «Философия» пәндері бойынша біліктіліктерін арттырып жатыр. Курстар 2025 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында қатысушылар отандық тәжірибелі ғалымдармен пікір алмасып, өз салалары бойынша жаңа әдістемелер мен оқыту технологияларын меңгереді. Сондай-ақ, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзекті мәселелері қарастырылады.
Басқа жаңалықтар

11 маусым, 2025

10 маусым, 2025