Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ волейболшылары – ҚР Универсиадасының чемпионы!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ волейболшылары – ҚР Универсиадасының чемпионы!
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының XIII жазғы универсиадасы.
Ерлер командалары арасындағы волейбол жарысы.
2025 жылғы 3–11 маусым аралығында Түркістан қаласында ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Универсиадасының жарыстары өтті. Аталған додаға еліміздің 38 жоғары оқу орнынан командалар қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерлер құрамасы барлық қарсыластарын жеңіп, финалға шықты және шешуші ойында жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды! Команда жарыс барысында бірде-бір жеңіліссіз өнер көрсетті.
Чемпион командасының құрамы:
Мохаммад Абдулмаджид – Заң факультеті, 3 курс; Махсутхан Жан – Заң факультеті, 2 курс;
Омар Ернұр – Заң факультеті, 2 курс;
Жолдасбек Берік – Медицина факультеті, 4 курс;
Елубай Дастан – Заң факультеті, 2 курс;
Измайлов Александр – Медицина факультеті, 4 курс; Яким Ернұр – Медицина факультеті, 2 курс; Ғабитұлы Бекарыс – Заң факультеті, 3 курс;
Рахимбеков Нұрсұлтан – Заң факультеті, 1 курс;
Кабдулов Дінмұхаммед – Заң факультеті, 1 курс;
Мадияров Расул – Медицина факультеті, 1 курс;
Дарабаев Ілияс – Медицина факультеті, 1 курс.
Жаттықтырушылар құрамы: спорт клубы мен СӨС орталығының оқытушылары -Журавлев Виктор Сергеевич; Синельникова Галина Александровна; Вишнякова Наталья Петровна.
Университет әкімшілігі, студенттік қауымдастық және спорт клубы жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтайды! Бұл жеңіс – тек кәсібилік пен шеберліктің ғана емес, сонымен қатар мықты командалық рух пен табандылықтың дәлелі.
Командаға алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
ҚазҰУ спорт клубы, СӨС орталығы
https://www.instagram.com/p/DKwc_0RiqEf/?igsh=MWYzNGgyeW1yY2Rxbg==
Басқа жаңалықтар


