Академиялық мәселелер жөніндегі проректор тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып PhD, қауымдастырылған профессор Алина Галеева тағайындалды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жарлығымен тағайындалған Алина Кулбайқызын оқу ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Алина Кулбайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Химия саласы бойынша 1997 жылы бакалавриатты, 1999 жылы магистратураны, 2002 жылы аспирантураны, ал 2009 жылы докторантураны үздік тамамдаған.
Еңбек жолын оқу ордасының базасындағы Зерттеу және талдау физика-химиялық әдістері орталығының ғылыми қызметкері болып бастаған.
2013-18 жылдар аралығында Алина Галеева Зерттеу және талдау физика-химиялық әдістері орталығы директорының халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып табысты еңбек етті.
2018 жылы ҚазҰУ-дағы Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі болды.
Проректор лауазымына дейін Алина Кулбайқызы химия және химиялық технология факультетінің деканы болып жұмыс істеген болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

