Вице-министр ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтарымен таныстыFarabi University

Вице-министр ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтарымен танысты

14 маусым, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жұмыс сапары аясында университеттің негізгі нысандарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, ол Жерді қашықтан зондтау орталығына (ЖҚЗ), «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығына, сондай-ақ суперкомпьютерлік кластерін аралады.

Сапар барысында «Farabi Hub» орталығына ерекше назар аударылды, оның әлеуеті ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер арасында инновацияларды дамыту және ынтымақтастықты жолға қою үшін тиімді алаң ретінде атап өтілді. «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы университет құрылғанына 90 жыл толуына орай 2024 жылы салынды. Орталықтың аумағы бес мың шаршы метрді құрайды, онда креативті индустрия, жасанды интеллект және стартаптар саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Мұнда телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялар өндірісі саласында әлемге танымал ZTE, Binlin Electronic Technology, BASF корпорациясы және басқа да шетелдік компаниялардың орталықтары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары орналасқан.

Сонымен қатар, вице-министрге ҚазҰУ-ға орнатылған Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер таныстырылды. Құрылғының жоғары өнімділігі 2 мың терафлопсты құрайды. Суперкомпьютер әлемнің ең үздік 600 суперкомпьютерінің тізіміне кіреді және жасанды интеллект, мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, Жерді қашықтан зондтау және 3D-модельдеу технологиялары саласындағы деректерді жинау үшін пайдаланылады.

Бұған қоса, ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щегловаға «Жерді қашықтан зондтау технологиялары және қолдану» қазақстандық-қытайлық бірлескен зертханасының жұмысы көрсетілді. Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінен туындаған аймақтағы табиғи апаттарды, су тапшылығын, құрғақшылықты, топырақтың құнарсыздығын, су тасқындарын және жер сілкіністерін бақылаумен айналысады.

Вице-министрдің сапары жоғары білім беру жүйесіндегі ғылым мен инновацияларды дамытудың басымдығын көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі