- Басты бет
- БАжҚБИ
- Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары магистрлік диссертация қорғауына қатысты
Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары магистрлік диссертация қорғауына қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында білім алып жатқан Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы магистранттардың ғылыми жұмыстарын қорғау барысын бақылады. Қатысушылар ғылыми жетекшілік, қорғау тәртібі, құрылымдық талаптар және академиялық рәсімдермен танысты. Курстың аясында бұл іс-шара кәсіби бағдар мен әдістемелік тәжірибені жетілдіруге бағытталды.
Іс-шара барысында магистрлік диссертацияның құрылымы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, сондай-ақ оппоненттердің сыни сұрақтарына жауап беру тәсілдері кеңінен талқыланды. Тыңдаушылар бұл үдерістен көптеген кәсіби және әдістемелік пайдалы тәжірибе алды.
Мұндай ашық ғылыми сессиялар ИПК бағдарламасының сапасын арттырып, ғылыми мәдениетті дамытуда маңызды рөл атқарады.
Басқа жаңалықтар


.jpg)