Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары ҚазҰУ-да біліктілікті арттыру курсынан өттіFarabi University

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары ҚазҰУ-да біліктілікті арттыру курсынан өтті

25 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жалпы академиялық жүктемесі 144 сағатты құраған бағдарлама тыңдаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталды.

Бағдарламаға 16 оқытушы қатысып, филология, философия, педагогика, журналистика және басқа да гуманитарлық пәндер бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгерді. Курс аясында инновациялық оқыту технологиялары, тілдерді оқыту әдістемесі, әдебиет пен тарих пәндерін оқыту тәсілдері, сондай-ақ заманауи дизайн негіздері бойынша арнайы дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізілді.

Қатысушылар курс барысында тәжірибелі профессорлардан дәріс алып, өз салалары бойынша маңызды әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік біліктіліктерін арттырды. Тыңдаушылар курстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, жаңа идеялар мен практикалық шешімдер алғанын атап өтті.

Аталған курс екі елдің білім беру мекемелері арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, педагогикалық тәжірибе алмасуға ықпал етті.