Нүкүс мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан сәтті өттіFarabi University

Нүкүс мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті

30 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Нүкүс мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Оқыту бағдарламасы 144 академиялық сағатты қамтыды.

Курс барысында тыңдаушылар білім беру процесін жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, заманауи педагогикалық тәсілдер мен технологияларды меңгерді. Бағдарлама мазмұны теориялық білімді практикамен ұштастырып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға негізделді.

Сабақтар жоғары оқу орнының білікті профессор-оқытушыларының қатысуымен өтті. Тыңдаушылар тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді бірге талқылады. Курс соңында барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.

Бұл шара – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың тағы бір нақты нәтижесі. Қатысушылардың жылы лебізі мен оң бағасы курстың өз мақсатына жеткенін көрсетті.