ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Ақпарат және коммуникациялар департаментін марапаттады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» департамент директоры, ҚазҰУ-дың баспасөз хатшысы Қаншайым Байдәулетке және редактор-журналист Әйгерім Әлімбековаға берілді.
Министрліктің «Алғыс хаты» департамент директорының орынбасары Алмат Исаділ мен «Farabi media» телестудиясы басқармасының басшысы Бақыт Құрманбековке табысталды.
Сондай-ақ «Qazaq universiteti» газетінің журналист-редакторы Гүлзат Табын мен Баспасөз қызметінің журналист-редакторы Светлана Өмірғалиева «Farabi» алтын медалімен наградталды.
ҚазҰУ-дың дамуына қосқан үлесі үшін «Qazaq universiteti» газетінің жауапты хатшысы, беттеуші-дизайнер Талғат Кіршібаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.
Сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың «Алғыс хатымен» «Farabi university» сайт басқармасының аудармашы-редакторы Айғаным Аманғазы марапатталды.
Кәсіби мерекеде азды-көпті еңбегімізді атап өтіп, арнайы көңіл бөлгені үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа алғыс білдіреміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


